Жердің қадірін игерген адам біледі - И.Жанғоразов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жердің қадірін игерген адам біледі.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне пікір білдірген Социалистік Еңбек Ері, Ақмола облысы мен Аршалы ауданының құрметті азаматы, «Ижевский» ӨК бас директоры Ибраһим Жанғоразов мәлім етті.

Оның айтуынша, осы күні қоғамда кереғар пікір мен түсініспеушілік туғызып отырған Жер кодексіне енгізіліп отырған өзгерістер, ол жерді сату арқылы одан құтылу немесе бәз біреулердің пайда табуы емес, керісінше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос, игерілмей жатқан жерлерді ұтымды, халықтың мүддесі үшін пайдалану болып табылады.

«Жер - біздің негізгі байлығымыз, оны бүкіл халықтың мүддесі үшін пайдалану - баршаның қасиетті міндеті. Сондықтан жерімізді барынша тиімді және ұтымды пайдаланатын болсақ, тиісінше оның қайтарымы да мол болары сөзсіз. «Жерге не ексең, соны орасың» деген халық мақалынан жерден өнім алып, отбасын асырауға, еңбек етуге, өмір сүруге жол ашатынын баршамыз білеміз.

Өз басым «Жер» деген сөзді естісем, диханшы есіме түседі. Себебі, диханшы қара жермен тікелей байланысты. Ол жердің қыр-сырын біледі. Диханшы жерді табиғатпен, ауа-райымен байланыстыра отырып өнімді молырақ алуға тырысады. «Жерді оның қадірін білетін адамға сату өте маңызды. Сондықтан Жер кодексіне енгізіліп отырған өзгерістерді дұрыс түсінгеніміз абзал. Бұл - ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттырып, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған. Одан біз ұтпасақ, еш ұтылмаймыз», деді И.Жанғоразов.

Соңғы жаңалықтар