Жерді қалпына келтіру жұмысы қалай жүргізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде республика бойынша 187 млн гектар жайылым жер бар. Соның шамамен 30-40 пайызы шөлге айналып кетуі әбден мүмкін. 

Осыған байланысты жайылымдарды қайта қалпына келтіру шараларын атқарған жөн. Ал, ең бастысы, ауылдық жерлерде xалықтың жайылымды қалпына келтіруге деген ынтасын, экологиялық мәдениетін қалыптастырған маңызды. БҰҰ Даму бағдарламасының биоалуандылықты сақтау жөніндегі жобалардың менеджері Талғат Кертешев осындай пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 "Мысалы, шөлді аймақта бір құдық болса, ол жерге мал жиі келіп, су ішеді. Міне, сол құдықтың айналасында 3 шақырымға дейінгі жер деградацияға ұшырайды. Ал осы жерді қалай қалпына келтіреміз? Жайылымды ауыстыру бар, шөптерді егу, сосын ағаш отырғызу және тағы басқа шараларды атқару қажет. Біз арнайы пилоттық жобаларды қолға алып, нақты қандай нәтижеге жетуге болатынын көрсетіп жатырмыз. Біздің тәжірибемізді жергілікті әкімдіктер, ауыл шаруашылығы министрлігі ары қарай жалғастырып әкетуі керек", - дейді Талғат Кертешев.

Оның айтуынша, бір құдықтың айналасын қалпына келтіру үшін 30-60 мың АҚШ доллары кетеді. "Оның ішіне не кіреді? Шаруа қожалықтарының салатын үй-жайы, күн мен жел қондырғылары және тағысын тағы. Біз гранттық ақшаға құдықтың өзін қалпына келтіріп, ағаш пен шөптерді отырғызып береміз. Сосын сол жер қалай өзгерді, оны төңіректе отырған шаруа қожалықтарына көрсетуіміз керек".

Соңғы жаңалықтар