Жер жүзін бір дөңгелекті велосипедпен айналып өтуге бел буған ағылшын азаматы Қырғызстанға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер жүзін бір дөңгелекті велосипедпен айналып шығуға бел буған 19 жастағы ағылшын азаматы Эд Пратт Қырғызстан астанасына келді, деп жазады Росбалт.

«Қырғызстанның табиғатына ғашық болдым. Сіздерде өте әдемі. Бірақ мені жергілікті көлік жүргізушілер қорқытты. Ел жолдарында аса абай болу керек, әйтпесе, көліктің астында қалуың мүмкін», - деген Праттың сөздерін келтіреді Sputnik. Осы уақытта жігіт 14 елде болған, Қырғызстаннан соң Сингапур, Малайзия, содан кейін Австралияға барады.

Велосипедшінің айтуынша, оның саяхатының демеушісі өзі мініп жүрген моноциклді шығарушы фирма болып табылады.

Соңғы жаңалықтар