Жер жәннаты - Жетісу (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жетісу - жер жәннаты» деген сөз бар, Алматы облысының ғажайып табиғаты кімді болсын таңқалдырмай қоймасы анық. Өйткені, саяхатшы бұл мекенді аралар болса, қарлы тау шыңына көтеріліп, өткелдерден, қылқан жапырақты ормандардан өтіп, ұшы-қиыры жоқ кең даланың барқандары мен құмында, ежелгі тораңғы шоғының күрделі иілімінің арасында тұрып, ерекше ландшафтқа куә болар еді...

Ассы үстірті - теңіз деңгейінен 2800 метр биіктікте орналасқан жазғы жайлау. Ал Іле Алатауының солтүстігінде, 100 шақырымдай жерде барқан құм жатыр. Алтын Емел қорығы, Ақ тау. Циклонның фонында ақ бұлттар басқа бір ғаламшарға ұқсап кетеді. Алтын Емел ұлттық саябағының оңтүстік шекарасын бойлай Іле өзені ағып жатыр. Іле өзені Балқаш көліне құйылғанға дейін - бұл көптеген көлдер мен тарамдар жүйесін құрайды. Адам аяғы баспаған бұл экожүйесіз Іле өзені баяғыда-ақ балықсыз қалар еді. Іле өзенінің сағасы әлі күнге дейін балыққа бай, сондай-ақ мұнда алуан түрлі құстар мен жануарлар мекендейді, олардың көбі Қызыл кітапқа енгізілген.

Шарын шатқалы - Алматы қаласынан 200 шақырымда орналасқан Ұлы Колорадо шатқалының кішігірім көшірмесі іспетті ғажайып мекен. Шатқалдың ұзындығы шамамен 150 шақырым.

Алматы облысының табиғаты өте ерекше. Оған куә болған кез келген адам ұмытылмас сезімге бөленері анық.

Соңғы жаңалықтар