Жер учаскелерін заңсыз таратқан әкім мен орынбасары сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысына қарасты Маңғыстау ауылының әкімі мен орынбасары жер телімдерін беру барысында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау облысының жемқорлыққа қарсы қызметі «Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Көбегеновке, Маңғыстау ауылының әкімі Қ.Өтемұратов пен оның орынбасары Б.Қасымовқа қатысты жер телімдерін беру барысында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісін аяқтады», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, аталған тұлғалар аукцион өткізбей және ақша қаражатын бюджетке аудармастан Маңғыстау облысында 8 жер телімін жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне берген.

«Осы жылдың 19 тамызында Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Көбегенов 4 жылға, Қасымов 3 жылға және Өтемұратов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқықтарынан өмір бойына айырылды», - деп атап өтеді агенттіктен.

Соңғы жаңалықтар