Жер телімін алып беремін деп тұрғындардан 7 млн теңге алған күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жер телімін алып беремін деп 7 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Жамбыл ауданы тұрғындарынан 7 млн теңген алып, қолды қылған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл ауданының полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Ұзынағаш ауылының 34 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол «Қайназар ауылынан жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер алып беремін» деп, жерлестерінен ақша алған. Алған ақшаны жұмсап қойып, қайтармаған соң, оның осылайша жеңіл жолмен ақша табу әрекеті әшкере болды. 7 азамат күдіктінің үстінен шағымдан соң ол өз кінәсін толық мойындап отыр.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 3-бөлігімен тіркелді. Күдіктінің басқа қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Барша аудан тұрғындарына айтарым – қазіргі таңда алаяқтық қылмысы өсуде. Сол себепті абай болуларыңызды сұраймын»,- деді Жамбыл аудандық Полиция басқармасының бастығы Айдын Омаров.


Соңғы жаңалықтар