Жер телімдерін халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімдеуге болады

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер телімдерін рәсімдеу қолжетімді бола түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде көрсетіледі.

Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланысты болмайды. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.

«Корпорация жерге орналастыру жобасынан бастап жер телімдеріне акт дайындауға дейінгі барлық қызметтерді көрсетеді. Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер телімдерінің шекарасын белгілеу, жер телімдерін көлденең және биіктіктен түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және басқалар. Бүгінде жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді еліміз бойынша 253 ХҚО-да алуға болады. ХҚО-лардың толық тізімі gov4c.kz ресми сайтында жарияланған. Батыс Қазақстан облысында коммерциялық қызметтер барлық ХҚО бөлімдерінде қолжетімді», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автоХҚО-да емтихан тапсыратындар биометрия арқылы тексерілетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар