Жер сілкінісінен қираған ғимараттар туралы мәліметтер жоқ - ҚР ІІМ ТЖК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан мен Тәжікстанда болып, Шымкент пен Таразда сезілген жер сілкінісінен шығындар туралы мәліметтер жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қирандылар туралы мәліметтер түскен жоқ. Жағдай жіті бақылауда»,-деп мәлімдеді ТЖД.

Осыған дейін мәлім болғанындай, 16 сағат 41 минут 50 секундта Алматыдан оңүстік-батысқа қарай 764 км қашықтықта Ауғанстан мен Тәжікстан аймағында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың энергетикалық класы 14.5. Магнитудасы 6.8. MPV. 2 балдық жер дүмпуін Шымкент пен Тараз тұрғындары да сезген.

Соңғы жаңалықтар