Жер ресурстарын басқару комитетінің өз зертханасы жоқ - Ақылбек Күрішбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Ауыл шаруашылық жерлерінің құнарын бақылау үшін зертханалық базаны дамыту керек. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде ауыл шаруашылық жерлерінің құнарын бақылау үшін зертханалық базаны дамыту керек. Нақты айтар болсақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының топырақтық-геоботаникалық зертханалар желісін, сондай-ақ, ҚР АШМ-нан «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістеме орталығы» мекемесін жер ресурстары саласындағы уәкілетті органға (жер ресурстарын басқару комитетіне) беру керек. Қазіргі уақытта комитеттің өзіне бағынышты ешқандай зертханасы жоқ. Сондықтан екі мекемедегі зертханаларды тікелей жер ресурстары комитетінің немесе жаңадан құрылатын жер ресурстары агенттігінің құзырына беру туралы ұсыныс айтып отырмыз», - дейді экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев.

Оның айтуынша, бұл ұсынысты экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының отырысына қатысқан 30 адамның 25-і қолдап, 5-еуі қарсы болған.

«Ұсынысты қолдағандардың ішінде 2 адам өздерінің ерекше пікірін айтты. Олардың ойынша, ең алдымен топырақтық-геоботаникалық зертханалар қызметі бастапқы кезде жер ресурстары саласындағы уәкілетті органға берілуі тиіс. Кейін жердің топырақ және ботаникалық сапасын тексеруге қажетті қызметтерді пайдаланудың алгоритмдері жасақталған соң бұл зертханалардың қызмет көрсетуін бәсекелестік ортаға беру керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар