+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жер ресурстарын басқару комитетіне жаңа төраға тағайындалды

2021 жылғы 2 наурыз 15:21
Бөлісіңіз:
Жер ресурстарын басқару комитетіне жаңа төраға тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мұрат Баритұлы Теміржанов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласының әкімі ауысты Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында салық инспекторы болып бастаған.

2001 жылы Зеренді ауданы бойынша салық басқармасы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.

Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2013-2014 жж. ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің ситуация орталығының консультантының міндетін атқарушы, консультанты болды.

2016-2021 жылдары — VI шақырылымындағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Биылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT