+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жер ресурстарын басқару комитетіне жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 24 қыркүйек 11:04
Бөлісіңіз:
Жер ресурстарын басқару комитетіне жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар Қарқаралы ауданына жаңа әкім тағайындалды Ақтөбеде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы уыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды.

Гүлжахан Бимендина 1969 жылы 15 қазанда дүниеге келген. 1996 жылы Мәскеу қаласында Мемлекеттік жерге орналастыру университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің құрылымында бастады. Бас маман, жерге орналастыру инженері, аудандық комитет төрағасы, бөлім бастығы, облыстық комитет төрағасының орынбасары, басқарма бастығы, инспекция бастығының орынбасары, инспекция бастығы лауазымдарын атқарды.

2012 жылы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

2013-2014 жылдары — Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласындағы реттеу департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

2016 жылдың маусымынан қазірге дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT