+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жер реформасы жөніндегі заң жобасы маусымда Мәжіліс қарауына енгізіледі

2021 жылғы 22 ақпан 16:46
Бөлісіңіз:
Жер реформасы жөніндегі заң жобасы маусымда Мәжіліс қарауына енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер реформасы жөніндегі заң жобасы маусымда Мәжіліс қарауына енгізіледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берілген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылғы 31 желтоқсанда Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Бұл ретте, мораторий енгізілген нормалардың одан әрі қолданысын айқындау мақсатында тиісті талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі бойынша осы мәселелерді реттеуге бағытталған тиісті заң жобасын жоспарлы түрде әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарына енгізілді», - деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта аталған заң жобасына енгізілетін нормаларды қалыптастыру мақсатында және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер реформасы жөнінде комиссияны құру, сондай-ақ, әзірленетін заң жобасының нормаларын қоғаммен талқылау шараларын жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Аталған заң жобасы аясында сіздердің шетелдік компаниялар мен азаматтарына жерді сатуға, сондай-ақ, Қазақстанмен шекаралас шет мемлекеттер мен олардың азаматтарына жерді жалға беруге тыйым салу туралы ұсыныстарыңыз жан-жақты қаралатын болады. Көрсетілген жоспар бойынша заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу осы жылғы маусым айында жоспарланғанын хабарлаймыз»,- деді Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT