Жер қойнауын пайдаланушылармен 454 келісімшарт жария етіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың бірінші тоқсатында жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған 454 келісімшарт жария етіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жер қойнауы аясындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтық бастамасы стандарттарына сәйкес, Үкімет қатты пайдалы қазбаларға берілген барлық 1 973 лицензия деректерін жария етті. Осы жылдың бірінші тоқсанында соңғы бенефициары көрсетіле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған 454 келісімшарт жариялауға жатады», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Сонымен қатар Премьер-Министр қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру, өңірлерді әлеуметтік дамыту және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюды қамтамасыз ету бойынша көмірсутек шикізаты мен уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған 150 үлгілік келісімшартқа қатысты ақпарат қолжетімді екенін атап өтеді.


Соңғы жаңалықтар