Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған онлайн-аукционнан 61 млрд теңге түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға арналған алғашқы онлайн-аукционнан 61 млрд теңге түсті.

Қазақстанда көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған алғашқы онлайн аукциондар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда-саттық астана уақытымен 10:00-де басталды, ал қатысушылар үшін аукцион залына кіру таңғы 9-дан бастап қол мүмкін болды.

Жалпы алғанда, аукциондарда жеті учаске бойынша барлау және өндіру құқығы іске асырылды. Олар бойынша бастапқы баға 263 миллион теңгені құрады. Ол нәтижесінде 230 есеге артып, 61 миллиардқа дейін өсті. Бір учаске бойынша бастапқы құны 1000 есеге өсті.

Ең ұзақ сауда-саттық екі учаске – «Забурунье» ​​және «Сарайшық» учаскелері бойынша өтті. Осы екі учаске бойынша аукциондар таңғы 10:00-де басталып, кешке дейін жалғасты. Нәтижесінде «Забурунье» учаскесіне барлау және өндіру құқығы 16,3 миллиард теңгеге сатылды, ол бойынша аукцион сағат 15:20-да аяқталды.

«Сарайшық» учаскесі бойынша аукцион ресми аяқталғанға дейін, яғни сағат 17:00-ге дейін жалғасты. Учаскедегі барлау және өндіру құқығының жалпы құны 43 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, бастапқы бағасы 43 млн. теңге болатын.

Аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өту маңызды. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексімен реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.

Аукциондар онлайн режимінде және жасырын өтетіндіктен, қатысушылар бір-бірін көрмейді. Бұл ақпарат осы аукциондардың өткізілуіне жетекшілік ететін ҚР Энергетика министрлігінің мамандары үшін де қол жетімді емес.

Онлайн аукцион қызметі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz порталында іске қосылды, оның әзірлеушісі және иесі «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ.

Сарапшылар жаңа тетік нарықты ашық етіп, бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай азайтады деп болжайды.

Бүгін 82 учаске туралы ақпаратты қамтитын интерактивті карта барлығына да қолжетімді. Объектілердің әрқайсысы бойынша аукционға бастамашылық жасау үшін әлеуетті инвесторға тек онлайн режимінде өтінім беру қажет, содан кейін кен орнын барлау және игеру құқығын аукционға шығару процесі басталады.

«Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тапсырысы бойынша жеке ашық аукцион залын құрды. Аукционнан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетті толтырады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар