Жер қойнауын пайдалануда тауарлардағы жергілікті қамту талаптары жойылады - Бейбіт Атамқұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жер қойнауын пайдалану саласында тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі талаптар алып тасталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде 994 жер қойнауын пайдаланушы тіркелді. 2019 жылдың қорытындысында жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың сатып алу көлемі 7,7 трлн теңге болды. Жергілікті қамту үлесі - 45 пайыз. Биылғы 9 айда қатты пайдалы қазбаларды қоспағанда, бұл көрсеткіш 3,8 трлн теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесі - 46,6 пайыз», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорындарға көрсетілетін преференцияларды кезең-кезеңмен алып тастау көзделген.

«Жер қойнауын пайдалану саласында тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі талаптар алып тасталады. Бұл ретте, жұмыстар мен қызметтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімдердегі жергілікті қамту үлесі 50 пайыздан аспайтын болып белгіленеді», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар