Жер қойнауын игерушілермен жергілікті кәсіпорындарды қолдау бойынша ерікті келісімдер жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын игерушілермен жергілікті кәсіпорындарды қолдау бойынша ерікті келісімдер жасауды қолға алды. Бұл туралы Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік өз тарапынан жергілікті қамтуды дамыту бойынша бірқатар шаралар мен бастамаларды жүргізуде. Олардың негізгілерінің бірі елімізде кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу болып табылады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылармен «Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы» келісім жасасуға бастамашылық жасадық. Бұл келісімдер ерікті түрде жасалады», - деді Энергетика министрі.

Оның айтуына қарағанда, бүгінгі таңда көмірсутектер мен уран бойынша жасалған 282 келісімшарттың 164-і бойынша осындай ерікті келісім бекітілген.

«Олардың ішінде көмірсутектер саласындағы 84 жер қойнауын пайдаланушымен 147 келісім жасалып, уран өндіру саласында 13 жер қойнауын пайдаланушымен 17 келісімге қол қойылды.

Аталған келісімдер тауарлардағы жергілікті қамту үлесін 19,5%-дан 31%-ғы дейін, жұмыстарда 66,8%-дан 78,6%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту деңгейі де 69,4%-дан 88,8%-ға дейін артады», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар