Жер комиссиясының жұмысын қайта жандандыру қажет - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жер комиссиясының жұмысын қайта жандандыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақорда баспасөз қызметінің Twitter парақшасына сенсек, биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады.

«Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс.Мемлекет басшысы: Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын» деді Мемлекет басшысы бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, жайылымның 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылады.

Қалған 46 миллион гектар жайылым бос жатыр.

«Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын. Ауыл халқы экономика, өңірлік даму және тең мүмкіндік беру тұрғысынан жаңа әрі серпінді шешімдер күтіп отыр. Менің тапсырмаммен Агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатыр. Алдағы бес жылда бұл мәселені шешуге тиіспіз» деп атап өтті Президент.


Соңғы жаңалықтар