Жер комиссиясының бірінші отырысында 55 ұсыныс айтылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер реформасы комиссиясының бірінші отырысында комиссия мүшелері тарапынан 55 ұсыныс айтылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының екінші отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында комиссия мүшелері тарапынан 55 ұсыныс айтылды. Оның ішінде 15-і - құқықтық сипатта, 29-ы - экономикалық сипатта, 11-і ұйымдастыруға қатысты сұрақтар болды. Барлық ұсыныс жұмыс тобында комиссия мүшелерінің, жауапты мемлекеттік органдардың, сала мамандарының қатысуымен жан-жақты қаралды. Бірқатар сұрақтар бойынша нақты шешімдер жобасы әзірленді. Бүгін жүргізілген жұмыстың қорытындысын талқылаймыз», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жиында.

Еске сала кетсек, жер реформасы комиссиясының екінші отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылдап, нүктесін қойғанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар