Жер кадастры базасының жұмысы толықтай қалпына келтірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Порталдағы кадастрлық картаның көмегімен кез келген азаматтың Қазақстандағы жер пайдаланушылар туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Шілде айының ортасында базада техникалық ақау шығып, жер учаскелері туралы толық мәлімет алу мүмкін болмай қалған еді. Жүйедегі ақаулардың себептері анықталып, 12 тамыз күні техникалық жұмыстар аяқталды және қазіргі уақытта мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалпына келтірілді.

Министрліктің мәлімдеуінше, aisgzk.kz порталындағы кадастрлық картаның көмегімен кез келген азаматтың Қазақстандағы жер пайдаланушылар туралы ақпарат білуге мүмкіндігі бар.


Соңғы жаңалықтар