Жер бетінен 40 миллион гектардан астам орман жойылып кеткен

ЛИОН. ҚазАқпарат – 2004 жылдан 2017 жылға дейін 13 жыл ішінде 40 миллион гектардан астам орман жер бетінен жойылып кетті.
Бұған Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының есебіндегі мәліметтер дәлел бола алады. Мұны Парагвай, Ирак немесе екі Беларусь Республикасымен салыстыруға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Ормандардың жойылуы Бразилияда, Парагвайда, Аргентинада, Малайзияда, Индонезияда және Мадагаскарда жылдам қарқынмен жүріп жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, жаһандық ағаштардың кесілуі мәселесінің 10% Еуропа елдерінің сиыр еті, соя бұршағы, тері, кофе, какао, резеңке және пальма майы сияқты өнімдерге деген сұранысына байланысты.
Бірнеше күн бұрын БҰҰ соңғы 30 жыл ішінде шамамен 420 миллион гектар орман жоғалғанын хабарлады, бірақ ағаштарды кесу деңгейі біртіндеп төмендеуде.
- Ангель Меркель партиясына Армин Лашет басшылық жасайды
- Кабулда көлікті жарып жіберген, екі полицей қаза тапты
- ДДҰ шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясын талап ету міндетті емес деп санайды
- Коронавирус бойынша әлем елдеріндегі ахуал
-
Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты аурухана-изолятор салына бастады
-
Қарағанды облысында киік мүйіздерімен браконьерлер ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам