Жер беру тәртібін өзгертуді көздейтін заң жобасы әзірленді - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жер беру тәртібін өзгертуді көздейтін заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік жер қатынастары саласын цифрландыру және дамыту мәселелері бойынша заң жобалау жұмыстарын жүргізуде. Олар жер берудің қазіргі тәртібін цифрлық технологияларды енгізу жолымен тұжырымдамалық түрде өзгергуді көздейді және тікелей беру жолымен әрі сауда-саттық жүргізу арқылы жер учаскелерін берудің электрондық тәртібін айқындайды», - деді министр.
Бұл ретте ол қағазсыз қызмет көрсету, коммуналдық қызметтермен жер учаскелерін беруді келісу рәсімін автоматтандыру енгізілетінін айтты.
«Заң жобасы мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісілді. Сондай-ақ ол бойынша ғылыми сараптамалар алынды. Заң жобасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі одан әрі қарау үшін Парламентке жолдады»,- деді Сапархан Омаров.
- Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
- Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
- Үкіметтің ішкі істер органы қызметкерлерін баспанамен қамтуға қатысты қаулысына өзгеріс енгізілді
- Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды
-
Әділет министрлігінің биылғы басым міндеттері айқындалды
-
Ералы Тоғжанов Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыттың құрылысымен танысты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам