ЖЭО-дағы апат: Петропавлда «Севказэнерго» АҚ-ның бас директоры ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Севказэнерго» АҚ-ның бас директоры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Бірінші сәуірде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу ІІМ, Прокуратура және Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске салсақ, наурыз айында Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлады.

Орталықтағы апатқа байланыста қылмыстық іс қозғалды.

Осы оқиға бойынша Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. Петропавлдағы апат болған жылу орталығының директоры мен бас инженері қамалды.



Соңғы жаңалықтар