+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«ЖЭО-2» газға ауысқан жағдайда Алматының ауасы үш есеге тазарады

2020 жылғы 22 маусым 16:52
Бөлісіңіз:
«ЖЭО-2» газға ауысқан жағдайда Алматының ауасы үш есеге тазарады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2025 жылға қарай «Алматы Жылуэлектр орталығының» табиғи газға өтуі ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін 48,4 мың тоннаға дейін азайтады. Бұл туралы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таза Қазақстан: Бір аптада қауырт желіге қоқыс үйінділеріне қатысты 623 шағым түскен Ақсай шатқалында Қызыл кітапқа енген аю фототұзаққа түсіп қалды Көбейтұздың балшығын әкетпек болғандар қандай жаза тартты

«Карантин кезеңі ауаның ластануының көп бөлігі көліктен екенін дәлелдеді. Шекті рұқсат етілген концентрация көрсеткіштері тұрақты 5-тен 2-ге дейін төмендеді. Кейбір заттардың индексі төмендеді, мысалы, фенол индексі 60 есе, азот диоксиді 2 есе азайды», - деді Наталья Ливинская.

Сонымен қатар, ол Алматы қаласында атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша 2020-2025 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары әзірленіп жатқанын атап өтті.

«2022 жылға қарай ауаға ластаушы заттардың шығарындысын 123 мың тоннадан 94 мың тоннаға дейін төмендету жоспарда. Ал 2025 жылға қарай «ЖЭО-2» газға өткенен кейін ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшері 48,4 мың тоннаға дейін азаяды»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT