Жеңу үшін не істеу керектігін білемін - Головкин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реваншы алдында өзін сенімді ұстауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен үй тапсырмасын орындадым. Бұл айқасты жеңу үшін не істеуім керектігін білемін. Бұл біріншісіне қарағанда үлкен айқас болады. Біріншісінде өзімді жақсы сезіндім. Маған жайлы болды, жеңгенімді сездім. Біраз уақыт демалдым. Бұл айқас өзгеше болмақ. Алдын ала болжам жасамаймын. Бірақ үлкен шоу көрсетемін», - деп келтіреді Головкиннің сөзін Worldboxingnews.net.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arenа-да өтеді. 

 

Соңғы жаңалықтар