Жеңістің 75 жылдығы: Қазақстанда соғыс ардагерлері 1 млн теңгеден алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы ресейлік «Мир» арнасына берген сұхбатында мәлім етті.

Сонымен қатар Президент Қазақстандағы ардагерлер де назардан тыс қалмайтынын мәлім етті.

«Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмайды. Соғыс ешбір қазақстандық отбасын айналып өткен жоқ. Сол себепті біз үшін 9 мамыр – Еске алу күні. Ардагерлер туралы жаңа заң ардагерлерге берілетін жеңілдіктерді жүйелендіреді. Мемлекеттің қолдауына ие болатын тұлғалардың санаты кеңейтілді. Жалпы заң ардагерлердің бәріне, сонымен қатар майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге көмектеседі. Жаңа заң бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға аттанып, халықаралық міндеттемелерді орындауға барған, оның ішінде Ауғанстан мен басқа да қақтығыс ошақтарына барған, Чернобыль апатының салдарымен күрескен азаматтарды да қамтиды», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар