Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге бюджеттен 4,8 млрд. теңге қарастырылып отыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - 2010 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге 4,8 млрд. теңге қарастырылып отыр.

  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы бюджетте Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек пен жол жүру ақысына жеңілдіктер шаралары жалғасатын болады. Осы айтылғандарды  қоса алғанда, 2010 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге орай бюджеттен 4,8 млрд. теңге сомасында шығыстар көзделіп отыр. Бұдан басқа, Парламент қарауына берілген «Ардагерлер туралы» заң жобасына сәйкес соғыс ардагерлеріне жатқызылатын азаматтар санаттарын қолдау шаралары да қарастырылды», деді министр Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ бюджет жобасына сәйкес, 2010 жылдан бастап мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға арнайы жәрдемақылар енгізіледі. Оның мөлшері ең төменгі жалақы мөлшеріне теңестіріледі. Бұл мақсаттағы шығын тек 2010 жылдың өзінде 5,2 млрд. теңгені керек етеді және 39 мыңға жуық адамды қамтитын болса, 2011 жылы 9,5 млрд. теңгені, 2012 жылы 10,4  млрд. теңгені қажет етеді. 

Соңғы жаңалықтар