«Жеңіске тағзым» акция-марафоны Астанада өз мәресіне жетті (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінің барлық аймақтық командованиелерінің әскери бөлімдерінде болған Жеңіс вымпелы «Жеңіске тағзым» акция-марафонының аясында Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебіне сақталуға берілді.

«Жоғарғы Бас қолбасшымыз, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен барлық гарнизондарымызда «Жеңіс жалаушасы» республикалық акциясы өтті. Бұл жастардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген махаббатты, оны қорғауға дайындықты тәрбиелейтін өте маңызды шара болып табылады. Жеңіс жалаушасы осы уақыттан бастап атақты батырымыз, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебінде сақталады», - деп атап өтті ҚР Қарулы күштерінің Құрлықтағы әскердің Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Ол қазақстандық жастардың өз тарихын білуі тиіс екенін атап өтті. «Отанымыз фашистік басқыншылармен күресуге 12 мотоатқыштар дивизиясы, 4 кавалерия дивизиясы, 7 бригадасы мен 50 полкін бөлді. Бұл ретте 1 млн 400 мың адам соғысқа қатысқан. Соның ішінде 500 мың адам Кеңес Одағының батыры жоғары атағын алды, төртеуі екі мәрте Батыр атанды. Ардагерлерімізді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, оларға денсаулық тілейміз. Ең бастысы, жастарымыз олардың арқасында Отанға қызмет ету үлгісін көргеніне өте қуаныштымыз. Олардың ерлігі, атағы өшпейді. Біз осы туралы ұмытпағанымызды мақтан етеміз», - деп түйіндеді ол. «Жеңіске тағзым» акция-марафоны 2014 жылдың 30 желтоқсанында басталды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Достастық елдеріндегі Ардагерлер жылының басталуын білдірген салтанатты шараның қатысушыларын алғашқы болып Астанадағы 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметкерлері қабылдады. Жеңіс жалаушасын тапсыру бойынша жауынгерлік эстафетаға Қарағанды, Семей, Қапшағай, Ақтау және Алматыға жақын орналасқан әскери бөлімдердің қызметкерлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар