Жеңіске 70 жыл: Павлодарда оқушылар арасындағы байқау мәресіне жетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Жеңістің 70 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасындағы шығармалар байқауы мәресіне жетті. Балалар «Менің атамның ордені», «Халқымның тағдырындағы соғыс», «Қаза тапқандардың есімін ардақтайық» тақырыптары бойынша эссе жазды.

Қалалық білім басқармасының бас маманы Балжан Әділханованың айтуынша, байқауға қаланың 30 мектебінен 4-11 сынып оқушыларының арасынан 83 шығарма қатысты. Қалалық комиссияның шешімімен бірінші орынға 15-ші мектептің 9-сынып оқушысы Алина Мель лайық деп таныды.

Қазылар алқасының айтуынша, № 6 мектептің 4 сынып оқушысы Мәриям Омарованың шығармасында жазылған мына сөздер өте әсерлі. Оқушы шығармасында: «Ардагерлердің саны жыл сайын азайып барады. Оларға көмектесу, олармен сөйлесу, олардың соғыс туралы шын әңгімелерін есту өте маңызды. Өйткені, олар Ұлы тарихтың тірі куәгерлері», деп жазған.

Соңғы жаңалықтар