ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Маңғыстау облысының әкімі ардагерлер мен әскерилерді марапаттады (ФОТО)

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында және Отан қорғаушылар күніне орай соғыс, еңбек ардагерлері, Ақтау гарнизонының әскери қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде 25 ардагер «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұдан басқа, бірқатар соғыс және еңбек ардагерлері мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Соғыс ардагері Балабай Азановқа «Құрмет» ордені табысталса, майдангер Николай Алпатов ҚР Құрмет грамотасын алды, тыл еңбеккерлері Есмырза Жаңбыршиев пен Төлесін Тәкеноваға «Ерен еңбегі үшін» медальдары тағылды.

Соғыс ардагерлеріне теледидарлар, тыл ардагерлеріне - тұрмыстық техника сыйға тартылды. 20 әскери қызметкерге Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табысталды.

Соңғы жаңалықтар