Жеңіс күніне орай Қазақстанда ардагерлерге тиісті төлем аударылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне тиісті төлем аударылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде 237 ардагер бар.

«Бүгін таңертең ғана осы мәліметтерді шолып шықтым, 237 адам бар. Оларға 9 мамырда тиісті материалдық төлемдер барлық облыста аударылады. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша ардагерлерге 1,5 млн теңгеден кем емес сомада қаражат төленеді», - деді Т. Дүйсенова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін хабарланғандай, Оралда Жеңіс күніне орай майдангерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 665 ардагер бар еді.


Соңғы жаңалықтар