Жеңіс күніне орай қарағандылық соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты Қарағанды облысында Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлері біржолғы төлем алады. Олардың әрқайсысына миллион теңгеден төленеді. Мерекелік күні берілетін төлем өткен жылғы, мерейтойлық деңгейде қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінде жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға біржолғы материалдық төлем қарастырылған:

- концлагерь тұтқындары – 200 мың теңге;

– Екінші дүниежүзі соғысы жылдарында қаза тапқандардың жесірі – 50 мың теңге;

– Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 200 мың теңге;

– «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері – 100 мың теңге;

- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – 50 мың теңге.

«Ардағым – ардагерім» акциясы аясында ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен беріледі.

Айта кету керек, бүгінде облыста барлығы 46 соғыс ардагері тұрады.

Соңғы жаңалықтар