Жеңіс күнінде соғыс ардагерлеріне 600 мың теңгеден беріледі – ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Жеңіс күнінде 134 соғыс ардагеріне 600 мың теңгеден берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиын барысында айтылды. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген адамдар 100 мың теңгеден алады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов осыдан бөлек аудан әкімдіктері қосымша көмек көрсететінін мәлім етті.

«Бұл - біздің майдан шебіне аттанып, сұрапыл соғысқа қатысқан батырларымыздың алдындағы борышымыз. 9 мамыр - халқымызды біріктіретін мереке. Бір айдың ішінде өскелең ұрпаққа қазақстандықтардың соғыс кезіндегі ерен ерлігі туралы баяндайтын арнайы мектеп бағдарламасын әзірлеу керек. Оны жалпы білім беру бағдарламасына қосымша ретінде енгіземіз», - деді әкім.

Жалпы облыс бойынша Жеңіс күніне орай 7-9 мамыр аралығында 200 мың адамның қатысуымен 340-тан астам шара өткізу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар