Жеңіс күні: ШҚО-да құтқарушылар тыл ардагерін ерекше құттықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тыл ардагері үйінің терезесі алдында концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері Нина Самаркинаны Жеңіс күнімен ерекше құттықтады.

Терезе алдына табан тіреген оркестр музыкалық концерт ұйымдастырған.

«84 жастағы Нина Самаркинаның денсаулығы жыл сайын нашарлай түсуде. Сондықтан оған өз пәтерінің балконынан музыка тыңдау ыңғайлы болды. Тыл еңбеккері соғыс кезінде Алматыда тұрған. Анасымен бірге жараланған сарбаздар жеткізілген ауруханада жұмыс істеді. Ол сарбаздарға су әкеліп, бөлме ішін жинастырып, медицина қызметкерлерінің өтініші бойынша қажетті материалдарды тасып жүрді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Нина Кузьминична 1947 жылы отбасымен Өскеменге көшіп келген. Осы жерде мектеп бітірді.

Үлбі металлургия зауытында және өрт сөндіру бөлімінде диспетчер болып жұмыс істеген.

Тыл еңбеккері концертті тамашалап, риза болды. Өткенді есіне алып, көз жасына ерік берді.

Сондай-ақ концертті өңірдегі басқа ардагерлер мен тыл еңбеккерлері онлайн режимде тамашалады.


Соңғы жаңалықтар