Жеңіс Қасымбек жаңадан құрылған министрлікке басшылық етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы жарлығының толық мәтінін жариялайды.

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 

 

Соңғы жаңалықтар