Жеңіс Қасымбек шахтада жарақат алған 4 кеншінің жағдайын айтып берді

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Шахтинскідегі апаттан жарақат алған 4 кеншінің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауруханада жатқан төрт кенші туралы мынаны айта алам. Қазір олардың бәрі Мақажанов атындағы облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Қажетті медициналық көмектің бәрі көрсетілуде. Оның екеуінің жағдайы қазір орташа ауыр. Метан газынан уланудан бөлек бас сүйегі мен ми жарақаты бар», - деді Жеңіс Қасымбек өңірлік коммуниикациялар қызметінде өткен брифингіде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады.


Соңғы жаңалықтар