+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Жеңіс Қасымбек өңірдегі балабақша мәселесін шешуді тапсырды

2019 жылғы 28 қазан 14:58
Бөлісіңіз:
Жеңіс Қасымбек өңірдегі балабақша мәселесін шешуді тапсырды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мектепке дейінгі ұйымдар мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда балабақша кезегінде 45 мың бала тұр Сүттің орнына шәй береді: Алматы балабақшаларында қандай талаптар бұзылған Алматыда балаға дөрекілік танытып, жұлқылаған тәрбиешіге сот үкімі шықты

Бүгінгі күні облыс аймақтарында орналастырылған мемлекеттік тапсырыс көлемі нормативке сәйкес келмейді.

«2020 жылы нормативті республикалық деңгейдегі әдістеме мен өлшемдерге сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Біртіндеп қаржыландырудың қажетті көрсеткішіне шығу керек», - деп деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, республика бойынша бір балаға әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс сомасы 27 502 теңгеден 33 380 теңгеге дейін өзгереді. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш төмен, мәселен қалаларда - 20,6-дан 25,1 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде - 10,4-тен 23,6 мың теңгеге дейін.

Мемлекеттік тапсырыс сомасын ұлғайту өңірдегі мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, облыс әкімі екі жастан бастап балаларды мектепке дейінгі орынмен қамтамасыз ету үшін жеке балабақшаларды ашуға бизнесмендерді тарту бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін еске салды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT