Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-нің Қарағанды академиясына барды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы Бәрімбек Бейсенов атындағы Ішкі істер министрлігі академиясының 50 жылдық мерейтойына ЖОО-ның бірнеше жылғы түлектері және құрметті қонақтар жиналды, деп хабарлайды ҚазАқапарат тілшісі.

Оқу ордасына 50-ден астам генерал келді.

«Академияға 50 жыл толып отыр. Бұл, Қазақстан ІІМ жүйесінің алғашқы

мамандандырылған жоғары оқу орнының жылнамасы ғана емес, сонымен

қатар біздің қаламыздың тарихы. Қарағандылықтарға аты аңызға

айналған жоғары оқу орнының дәл осы жерде орналасқанын түсіну өте маңызды. Сіздердің барлық түлектеріңіз қазір қайда қызмет етіп, қайда

тұратынына қарамастан, өздерін қарағандылықтар деп санайтынын білемін.

Академияның қабырғасынан 20 мыңнан астам офицер шықты», - деп құттықтады мерейтой иелерін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қарағанды

академиясы элиталық кадрлардың ұстаханасы болып табылатынын атап өтті.

«Бүгінде бұл бакалавриат базасында құқыққорғау қызметі үшін мамандар

дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны», - деді ол.


Бұдан бөлек, жиналғандардың алдында 213 жас курсант Отанға адал болуға

ант берді.


Облыс әкімі бірінші курс студенттерін құттықтап, бүгінгі күні полиция

жұмысы бүкіл қоғамның жіті назарында екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы полицияны одан әрі ашық болуға және халық арасында

сенім мен беделді арттыру үшін жұмыс істеуге шақырды. Ал біз биліктің

атқарушы органдары ретінде сіздерден, полицейлерден азаматтардың

тыныш және қауіпсіз өмірін қамтамасыз етулеріңізді күтеміз», - деді Жеңіс

Қасымбек.

Академияда ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен «Рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясында «Ұлы дала: сақта - ұрпақтан ұрпаққа» атты көрме

ашылды. Елордадан Қарағандыға мұражайдың ең құнды экспонаттарының

бірі – «Алтын адам» жеткізілді. Оны брондалған машинамен, күзетпен алып

келген.

Сонымен қатар академия аумағында генералдар аллеясы ашылды. Мұнда ҚР

ІІМ 65 генералының қысқаша өмірбаяндары бар портреттер орнатылды.

Олардың барлығы осы ЖОО түлектері.

Мерейтой екі күн тойланады. Жақында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік

конференция және түлектер форумы өтті. Қонақтар Долинка кентіндегі оқу-

дала лагеріне, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

мұражайына және ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығына

барады деп күтіледі.




Соңғы жаңалықтар