Жеңіс Қасымбек қарағандылықтар неліктен Нұр-Сұлтаннан үй алып жатқанын айтты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңес алдында есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір әкімдігінің ақпаратына сәйкес , алдағы жылдарғы жоспарлар туралы баяндаған Ж.Қасымбек, басты басымдық - қарағандылықтардың өмір сүру сапасын арттыру екендігін атап өтті. Соның ішінде - қолжетімді тұрғын үй салу.

Биыл өңірде 420 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл өткен жылға қарағанда көп. Дегенмен, аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне құрылыс қарқынын барлық мүмкін болатын тәсілдермен арттыруды тапсырды. 2020 жылы тек Қарағанды қаласында жоспар бойынша, 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Облыс бойынша - 650 мың. «420 мың шаршы метр – бұл біздің үлкен облысымыз үшін шағын көрсеткіш. Баспана аз салынса, нарықтағы бәсекелестік төмен болып қала береді. Бұл, пәтер бағасының өсуіне алып келеді. Қарағандыда тұрғын үй бағасы елордамен бірдей. Сондықтан адамдар мұны түсіне отырып, Нұр-Сұлтаннан пәтерлер сатып алады. Тұрғын үй салынбаса, адамдар болашаққа көз тастап, жоспар құра алмайды», - деді облыс әкімі. Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек жер учаскелерін инженерлік-коммуникацияларға қосу мәселесіне назар аударды. «Мен облыстың Жылу электр станцияларында болып қайттым. Олардың көпшілігінің қосымша қуаты бар. Бірақ бізде осы қуаттарды қосу үшін жылу тарату жүйелері жоқ. Осыған байланысты біз ЖЭО-3-тен жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерін салуды жоспарладық. Жобаның басында 350 млн теңге бөлінді», - деді ол. Бұдан басқа, келесі жылы 22 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысанының құрылысын бастау жоспарлануда. Өңір басшысы өз баяндамасында жол жөндеу жұмыстарына да ерекше назар аударды. Осы жылдың соңына қарай Қарағанды-Теміртау және Солтүстік-Шығыс айналма жолдары пайдалануға беріледі. Келесі жылы Қызылорда-Жезқазған трассасын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. Болжам бойынша, жұмыстар 2020 жылдың екінші жартысында басталады. Сондай-ақ, алдағы жылы Қарқаралы-Қарағанды жолын жөндеу жоспарлануда. Биылғы жылы басталған Егіндібұлақ-Қарқаралы тас жолында жұмыстар жалғасады. Ұлытау ауданының киелі жерлеріне - Хан ордасы, Алашахан, Жошыхан, Домбауыл және Алтын шоқы кесенелеріне баратын жолдар ретке келтірілуде. Жеңіс Қасымбек өмір сүру сапасын жақсарту үшін жақсы мектептер, жайлы және заманауи ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандар қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жылы облыстық онкодиспансердің операциялық-реанимациялық блогының құрылысы басталады. Облысқа жас дәрігерлерді тарту үшін 2020 жылы оларға 200 ведомстволық пәтердің кілті табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар