Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Шахтер» және «Литейщик» стадиондарын жөндеу аяқталуға жақын. Майқұдықтағы спорт нысанында жүргізіліп жатқан жұмысты қыркүйектің аяғында аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ал жаңа футбол алаңы қазан айында дайын болуы керек. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапары барысында салынып жатқан нысандарды бақылап қайтты, сондай-ақ Майқұдық, Пришахтинск, қала аулаларында абаттандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын және Магнитогорская көшесіне жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Аймақ басшысы Майқұдықтағы 15-ші шағын ауданның, сонымен қатар Гоголь көшесі 48-ші үйдің аулаларында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің бірін сынға алды. Құрылысшылар кестеден артта қалып келеді.


«Бұл не?! Тұрғындар шағымдануда: жаз бойы жұмыс істемеді, қазір жаңбыр жауып, қайтадан жұмысқа кірісер түрлері жоқ дейді. Балалардың ойнайтын жерлері жоқ, олар сіздің құрылыс материалдарыңызға қарайды. Айыппұл ретінде қосымша балалар жабдықтарын орнатыңыздар! – деп облыс әкімі Майқұдықтағы аулалардың бірін аралау барысында наразылығын білдірді.


Академиялық көшесі, 9/2 тұрғындары да ауладағы жұмыстардың аяқталуын асыға күтуде. Абаттандыру бес жыл бұрын уәде етілген дейді. Тұрғындар өз есебінен үйді жаңғыртып, ауланы қалпына келтіруге мәжбүр болды.

«Мұнда біз асфальт төсейміз, жарықтандыру, жаңа жиектер саламыз, балалар алаңын, футбол алаңын орнатамыз. тапсыру мерзімі қазан айында», - деп баяндады Қазыбек би атындағы аудан әкімі Нұрлан Рыстин.


Ауданда биыл барлығы 57 аула абаттандырылуда, бүгінгі күні 12 аула қалды, онда тек асфальт төсеу керек.

Октябрь ауданында 69 аула аумағы ретке келтірілуде, оның 59-ы дайын. Мердігерлер жұмыс кестесінен артта қалуын көптеген құрылысшылардың пандемия кезінде ауруханаға түсуімен байланыстырады. Жеңіс Қасымбек, жұмысты мерзімінде бітіреміз деп жұмыстың сапасын төмендетіп алмауды тапсырды.


Облыс басшысы биыл көптен күткен күрделі жөндеу жұмыстары басталған Магнитогорскідегі жолды да қарап шықты. Жол жөндеушілер көшесінің оң жағында «19-шы шағын аудан» а/о-дан Сантехникалық (СТО зауыты) көшесіне дейін барлығы 3,8 шақырым асфальт төседі. Сол жағы бойынша бүгінгі таңда 1 шақырым жолға асфальт төселіп жатыр.

«Бұл жерде ісінген жер телімдері өте көп болғандықтан, жұмыстар көп уақытты қажет етті, биылғы жылы асфальтты тек мешітке дейін салуды жоспарлап отырмыз», - деді «Квинтек» ЖШС директоры Айик Согоян.


«Литейщик» стадионында жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жұмысшылар қоршаулар, 300 орындық трибуна, жүгіру жолдарын орнатады, алаңға жауын суының кәрізін жасайды. Мердігер қыркүйек айының соңына дейін жөндеуді толығымен аяқтауға уәде береді. Бұл жерде де кешігу болғандықтан, Жеңіс Қасымбек айыппұл ретінде қосымша спорттық тренажерлер орнатуды тапсырды.


«Шахтер» стадионында да жұмыс аяқталуға жақын. Мұнда стендтер ауыстырылып, ішкі бөлмелер жөнделуде. Ендігі кезекте жүгіру жолдарымен айналысу керек. Бас футбол алаңында жұмыс жалғасуда.

«Алаңды қазір тегістеп жатырмыз. Инженерлік желілер, атап айтқанда дренаж бен суару жүйесі жүргізілді. Карантин шектеулеріне байланысты жабдықты жеткізуде қиындықтар болды. Құрылыс қазанға дейін созылды, - деп хабарлады «LCW» ЖШС директоры Стефано Вольпи.


Мұндай жауап аймақ басшысына ұнамады.

«Тамыз айында аяқтауға уәде бердіңіздер, дренаж жүйесіне ертерек кірісу керек еді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі №13 орта мектепте де болды. Бұл қаладағы ең ескі оқу орындарының бірі (1934 жылы салынған) және ұзақ уақыт күрделі жөндеуді қажет етті. Оқу ордасын қалыпқа келтіру биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы аясыда жүзеге асырылды.


Жеңіс Қасымбек қала бойынша жұмыс сапары барысында салынып жатқан тағы екі нысанды - оқушылар сарайы мен теннис орталығын аралап көрді. Сарайда ішкі жұмыстар жүріп жатыр, ал іргелес аумақ абаттандырылуда. Құрылыс үстел теннисінің орталығында да жалғасуда. Олар оны күздің соңына дейін аяқтауға уәде берді.




Соңғы жаңалықтар