+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

2019 жылғы 19 қыркүйек 18:21
Бөлісіңіз:
Жеңіс Қасымбек  Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚаАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Охотзоопром» кәсіпорнына жаңа басшы келді Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары тағайындалды Ақтөбеде экономикалық тергеу депаратаментіне жаңа басшы келді

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», делінген құжатта.

Еске сала кетсек, кеше Президент Қарағанды облысы әкімі лауазымына Жеңіс Қасымбекті ұсынған болатын. Ал, Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған Ерлан Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалған еді.

Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 қаңтарда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулеттік орта дизайны факультетін (1997), Еуразия университетінің мемлекеттік және муниципалдық басқару ісі факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылдан - «ТемірБанк» ААҚ бас маманы. 1998 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде теміржол көлігі және порттар бөлімінің бастығы. 1999 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Үйлестіру департаментінде көлік саясаты бөлімінің бастығы. 1999 жылдың желтоқсанынан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Келіктегі тарифтік саясат басқармасының бастығы. 2000 жылдың сәуірінен мамырына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары. 2000 жылдың мамырынан қазанына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары. 2000 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі департаменті директорының м.а. 2000 жылдың желтоқсанынан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Су көлігі департаментінің директоры. 2004 жылдан - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры. 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі. 2009 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы. 2014 жылғы наурыз-маусым айларында - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі. 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болды. 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрі. 2018-2019 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдармен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT