Жеңіс Қасымбек «FlyArystan» билеттері бағасының айырмашылығын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбек «FlyArystan» компаниясының жарияланған және сатылып жатқан бағаларының айырмашылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін тілшілер Үкімет басшысының орынбасарынан жарияланған 7 мың теңгелік билеттер неліктен аз сатылатынын түсіндіріп беруді сұрады.

«Жоқ, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Өткен аптада мен өзім мониторинг жүргіздім. Жалпы, сатылып жатқан билеттердің 2 пайызы ғана басқа бағамен өткізілген. Негізінен бұл - компания жариялаған баға болатын. Мәселен, Оралға дейінгі ұшу бағасы - 12-13 мың теңге. Таразға дейінгі баға - 6900 теңге. Солай кете береді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуына қарағанда, «FlyArystan» компаниясы сатып жатқан билеттер - нарықтағы бағадан екі немесе бір жарым есеге арзан. Сондай-ақ вице-премьер өз сөзінде жалпы билеттердің 2 пайызы неліктен қымбат екенін түсіндіріп өтті.

«Кейбіреулердің багажбен ұшатынын ескеру керек. Кейбір адамдар барлық билеттер сатылып кеткен кезде іздеп жатады. Бұл - динамикалық жүйе. 5 келілік багажға дейін рұқсат етіледі. Ал егер жүгіңіз 20 немесе 30 келі болса - баға да басқаша», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар