Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыру қазіргі уақытта елорда әкімдігі «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ-мен, Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірге «Астана банкі» АҚ-дағы бұғатталған қаржыны алу мәселесін қарастыруда. Жобаны одан әрі іске асыру мәселесі 24 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралатын болады», - деді Ж. Қасымбек Үкімет отырысында.

Осы орайда ол аталған нысанның құрылысын аяқтау жөнінде Президенттің тапсырмасы болғанын еске салды.

«Алдағы уақытта әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқаларын ұсынады. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша толық ақпаратты беретін боламыз. Жоба аяғына дейін жеткізіледі, нысанды тапсыру мерзімі алдағы жылдың соңына белгіленіп отыр», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл көктемде Әлихан Смайылов елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табатынын айтқан еді.

Жақында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы бойынша бұғатталған қаржыны мемлекетке қайтару мәселесін көтерді.

Соңғы жаңалықтар