+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Жеңіс Қасымбек: Біздің міндетіміз - қызметкерлер мен олардың отбасына қамқорлық жасау

2020 жылғы 31 наурыз 10:10
Бөлісіңіз:
Жеңіс Қасымбек: Біздің міндетіміз - қызметкерлер мен олардың отбасына қамқорлық жасау

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының кәсіпорындары жұмыс орындарын сақтауға, еңбек құқықтарының сақталуын және өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Облыстағы әкімдіктер, 160 ірі және орта кәсіпорындар мен кәсіподақтар арнайы үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс» Корпорациясы және Жәйрем тау-кен байыту комбинатының басшыларымен кездесті. Тағы да ондаған кәсіпорындардың өкілдері жиынға селекторлық байланыс арқылы қатысты.

Облыс әкімі коронавирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі үшін компанияларға алғысын білдірді. Олардың көпшілігі Елбасының үндеуіне қосылып, қоғамдық қорға ақша аударды.

«Өкінішке қарай, экономикалық сипаттағы қауіп-қатерлер бар. Ол – мұнай мен металл бағасының құлдырауы. Мұнда біз өңірдің кәсіпорындары үшін, олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін елеулі қауіптерді көріп отырмыз. Біздің ортақ міндетіміз - қызметкерлер мен олардың отбасыларына қамқорлық таныту болып табылады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Билік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеуде, деп хабарлады аймақ басшысы.

Оның айтуынша, бұл 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, облыстың барлық ірі кәсіпорындарымен бірлесіп қызметкерлердің басқарылатын ағыны бойынша Жол карталары құрылды.

Келісімге қол қойған кәсіпорындарда 30 мыңға жуық адам еңбек етеді. Кездесуде ірі кәсіпорындардың өкілдері атап өткендей, бірлескен шаралар бірінші кезекте жұмыс орындарын сақтауға және өз еңбек кадрларының тұрақты табысын қамтамасыз етуге бағытталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Әкім,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT