Жеңіс Қасымбек: Баспана құрылысы жоспары биыл толық орындалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баспана құрылысында мемлекет тарапынан жұмсалған 1 теңге қаржыға 7 теңге жеке инвестиция тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының бастамасымен түрлі деңгейдегі табысы бар барлық қазақстандықтардың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда және 2 ай бұрын «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуына және халыққа жеңілдетілген несие беру басталғанына байланысты осы салаға тартылған инвестициялардың өсімі байқалады. Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 702 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ол өткен жылдағы деңгейден 31 пайызға артық. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан жұмсалған 1 теңге қаржыға 7 теңге жеке инвестиция тартылды», - деп тоқталды министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылы 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға артты. Атап айтқанда, биылғы жылдық жоспар (12,1 млн шаршы метр) 64 пайызға орындалды. Жоспар жыл соңына дейін толық көлемде орындалатын болады.

«Республика бойынша барлығы 67 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 27 мыңға жуық жеке үй бар.

Айта кететін бір жайт, бұрын жеке тұрғын үй салу құрылысы басым болса, қазір көпқабатты үйлердің көлемі артты. Оған тұрғын үй құрылысын ынталандыру саясатының іске асуы, халықтың әлеуметтік топтарына қолжетімді несиелік және арендалық үйлер құрылысы арқылы қолдау көрсету басты себеп болып отыр», - деді Ж. Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар