Жеңіс Қасымбек: Аттракциондар қатаң қадағаланатын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы аттракциондардағы қауіпсіздік мәселесі қатаң қадағаланатын болады. Бұл туралы елордада халық алдындағы есептік кездесуде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек  мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жартыжылдықта ЕАЭО аясында аттракциондардағы қауіпсіздік бойынша бірыңғай құжат қабылданды. Бұл ретте Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан қамтылып отыр. Қазіргі кезде біз өзіміздің заңнаманы осы стандартарға сәйкес келтіріп жатырмыз. Яғни регламенттеледі және аталған стандарттар бес елге бірыңғай болады», - деді министр.

Осы орайда Жеңіс Қасымбек  бұл халықаралық стандарттар екенін, сондықтан да аталған қызмет (аттракциондар) түрі қатаң қадағаланып, реттелетінін жеткізді.

Еске сала кетсек, 4 мамырда елордада «Жаннұр» сауда үйі аумағындағы батутты қатты жел ұшырып, 5 бала зардап шеккен еді. Батут күрделі конструкциялы болған, жалпы ауданы 200-250 шаршы метр. 

Соңғы жаңалықтар