Жеңіс Қасымбек Астана және Оңтүстік АЭА аумақтарын кеңейтуді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астана мен Шымкенттегі Оңтүстік АЭА аумақтарын кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлер Астана АЭА және Шымкент қаласындағы Оңтүстік АЭА аумақтарын кеңейту мәселесін қойып отыр. 600 гектар болатын Астана арнайы экономикалық аймағында 26 гектар ғана бос жер қалды.  Сондықтан, аумағы 433 гектар болатын екінші парк құрылысын бастау мәселесін шешу керек», - деді Жеңіс Қасымбек.

Министр бұл мәселе бойынша техника-экономикалық негіздеме әзірленгенін хабарлады.

«Аумағы 200 гектар болатын Оңтүстік арнайы экономикалық аймағында да дәл осындай мәселе. Онда 13 гектар бос жер қалды және жақын арада аумақты кеңейту қажет болады. Әкімдік АЭА жанынан резервтік аумақ дайындап қойды», - деп түсіндірді ол. Сондай-ақ, ҚР ИДМ басшысы дамушы елдерде өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытудың инвестиция тартуда және индустрияны ілгерілетуде маңызы зор екенін атап өтті.

 «Мұндай алаңдар Қазақстанда арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар болып табылады», - деді Ж.Қасымбек. Министр келтірген деректерге сәйкес, әлемде шамамен 3,5 мыңға жуық АЭА бар. Оның 30%-ға жуығы сол күйі іске аспаған, ал 70% толық құрылған және  1% ғана,  шамамен 25-30 АЭА орасан табыстарға қол жеткізіп, елдің экономикалық дамуына ықпал еткен. Мұндай АЭА қатарына Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Джебель Алиді, Қытайдың Шанхай қаласындағы Шенженді, Сингапурдағы Джуронгты және Ирландиядағы Шэнонды қосуға болады.

Соңғы жаңалықтар