+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылатынын айтты

2020 жылғы 19 ақпан 15:33
Бөлісіңіз:
Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылатынын айтты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының басшысы бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын жұмыс стратегиясын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты басымдық – қолжетімді, сапалы үйлер мен жолдар салу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз ету, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу.
Мысалы, облыста жолдар мен үйлердің құрылысы бойынша арнайы жол картасы әзірленді. Сондықтан да осы салалардағы жұмыс қарқынын еселеп арттыру жоспарда бар, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде.

Өңірде 1800 көпбалалы отбасы пәтер алу кезегінде тұр. Жергілікті билік алдағы екі жылда олардың барлығын баспанамен қамту мақсатын қойып отыр.

- Мемлекет басшысы айтқандай, тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл әлеуметтік саясаттың басымдығы. Біздің тарапымыздан осы жылы тұрғын үй құрылысын облыс бойынша кемінде бір жарым есе және облыс орталығында екі есе ұлғайту үшін барлық мүмкіндік жасалуда. Бізде екі жыл ішінде 1800 көпбалалы отбасын қамтамасыз етуге барлық мүмкіндік бар деп есептеймін, - деді облыс әкімі.

Елбасы 2030 жылға қарай бір адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуді 30 шаршы метрге дейін жеткізуді тапсырды, деп еске салды өңір басшысы. Облыста бұл көрсеткіш қазір 23 шаршы метрден асады.

Өткен жылы өңірде 421 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 1148 отбасы пәтер алды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 226 отбасы қоныс тойын тойлады.

- 2020 жылы 5 600 отбасы қоныс тойын тойлауы үшін 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылуы тиіс. Бұл пәтерлердің жартысы әлеуметтік қорғалатын санаттарға арналған. Бұдан басқа, жетім балалар үшін кезек жылжуын жеделдетеміз. Бұл мәселе біз үшін бірінші кезекте», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жаңа құрылыс сапасын бақылау күшейтіледі, деп атап өтті облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT