Жеңіс Қасымбек алдағы бес жылдағы басымдықтарды атады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысын дамытудың жаңа форматтағы бесжылдық бағдарламасында басты басымдықтар тұрғын үй саласы мен инфрақұрылымдық дамуға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы – «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихатта өкен депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін бағалауда тұрғындардың әл-ауқаты басты орынға қойылатын болады.

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басты құжаттарының бірі – бес жылдық кезеңге арналған облысты дамыту бағдарламасы болып табылады. Тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін ол құжат өзгерістер мен толықтыруларға ұшырайды. Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы бекітілді. Мақсатты индикаторлар саны 126-дан 51-ге дейін айтарлықтай қысқартылды. Бағдарламаға халықтың табысы мен өмір сүру сапасын сипаттайтын индикаторлар енгізілген. Олар жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау үшін негізгілері болып айқындалған», - деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі мұндай тапсырма Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылғанын атап өтті. «Мұндай тәсіл әрбір өңірдің облыс экономикасының дамуына қосқан үлесін жақсы бағалауға және мемлекеттік қызметшілердің нәтижелерге қол жеткізудегі жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Жеңіс Қасымбек. Отырыста партиялық бақылау комиссиясының мүшелері өздерінің тексерулері туралы айтып берді. Мәслихат депутаттары мен жұртшылық өкілдері әлеуметтік сала мен экономиканы көтеруге қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Мектеп оқушыларының тамақтануы, экология, жолдардың жағдайы туралы айтылды. «Жолдарды жөндеу мен салуға барлық қалалар мен аудандардың бюджеттері еселеп ұлғаюда. Жергілікті желі бойынша келесі жылы 50 де 50 қағидатының арқасында республикалық бюджеттен артық қаражат аламыз. Облыс бойынша осы жылға қарағанда 30-40% артық соманы жолға жұмсауды жоспарлап отырмыз», - деді аймақ басшысы. Облыс әкімі 2020 жылы Жезқазған – Қызылорда автожолын қайта жаңарту басталатынын айтты. Қазір ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ ол Қарағанды-Жезқазған автожолын жөндеу көзделіп отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар