Жеңіс Қасымбек: 118 млрд теңгеден аса инвестиция тарттық, 2 мың жұмыс орны құрылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында елордада 30-ға жуық жобаны жүзеге асырғалы отырғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаланың дамуы үшін жеке инвестициялар да тартылуда. Биыл 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы — 118 млрд теңгеден асады. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Олар — өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері және т.б.


Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 Индустриялық паркте бірқатар кәсіпорынның жұмысымен таныстық. Олардың қатарында ModeX модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техника құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар және т.б. бар. Кәсіпорын өкілдерімен бірге №1 индустриялық парк бойынша өзекті мәселелерді талқыладық»,-деп жазды әкім.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестицияларды жұмылдыру және инвесторларды қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасалады.


Соңғы жаңалықтар