Жеңіс Әлімжан Ұлытау облыстық құрылыс-сәулет басқармасына басшы болды

None
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Жеңіс Әлімжан Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңіс Әлімжанұлы 1978 жылы 9 мамырда Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Қазақмыс» корпорациясының Сәтбаев жөндеу-құрылыс басқармасында бетоншы болып бастады.

Әр жылдары «Қарағандыэкспертиза» ЕМК Жезқазған филиалы директорының орынбасары, «Жомарт» кеніші директорының құрылыс жөніндегі орынбасары, «Анненск» кеніші директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, «Қарағандытүстімет» бойынша әкімшілік және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі бас директордың орынбасары болып еңбек еткен. Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС күрделі құрылыс департаменті құрылыс бөлімінің жетекші инженері, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылыс бөлімінің бас инженері лауазымында жұмыс істеді.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.


Соңғы жаңалықтар